Балабақша – барлық тәрбие мен білімнің ең алғашқы баспалдағы
«Балабақша -барлық тәрбие мен білімнің ең алғашқы баспалдағы»
Балалық шақ -адам өміріндегі ең жарқын, қайталанбас әрі маңызды кезең. Ал балабақша -баланың қоғамға жасаған алғашқы қадамы, білім мен тәрбиенің берік іргетасы қаланатын ордасы.
«Altyn besik» бөбекжай-балабақшасында:
●Бала қуанышы мен қауіпсіздігі:Әрбір бала өзін заманауи жабдықталған, қауіпсіз әрі жылы ортада сезінеді.
●Жаңашыл оқыту әдістері:Балалардың жас ерекшеліктеріне сай STEM-технологиялар, ойын арқылы дамыту, мамандықтармен танысу және шығармашылық орталықтар қарастырылған.
●Білікті педагогтар:Тәрбиешілеріміз баланың бойындағы табиғи дарынды ашып, олардың ойлау, сөйлеу, қоршаған ортаны тану қабілеттерін күн сайын дамытып отырады.
Біздің мақсатымыз – әрбір бүлдіршінге мектепке дейінгі сапалы білім беріп, оларды отансүйгіш, мейірімді, белсенді әрі жан-жақты тұлға етіп қалыптастыру!